Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларымен кәсіби бағдар беру сабағы
27 қараша, 2025
Физика-техникалық факультетінің бағыт-бағдар берушісі А.А. Куйкабаева Назарбаев Зияткерлік мектебінің ФМБ бағытындағы дарынды оқушыларымен кәсіби бағдар беру сабағын өткізді.
Сабақ барысында оқушылар физика-техникалық бағыттағы білім беру бағдарламаларымен, ғылыми-зерттеу қызметінің ерекшеліктерімен және университетте білім алудың мүмкіндіктерімен танысты. Кездесу жасөспірімдердің ғылыми ойлауын дамытуға, инженерлік және зерттеушілік қызметке қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Іс-шара Тұрақты даму мақсаты 4 — «Сапалы білім беру» аясында өткізіліп, мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы академиялық сабақтастықты нығайтуға ықпал етті.
Басқа жаңалықтар
12 ақпан, 2026
12 ақпан, 2026