ТДМ-4 Кофені сораптап, газеттің иісін иіскеп, мауқыңды баса оқығанға не жетсін?! Сондықтан «Түркістандағы» сұхбатты сайттан да қарап, жантая жатып, газеттің сиясы кеппеген су жаңа санын иісін бұрқырата да оқып шықтым. Ғылым мен жоғары білім саласында қызмет етіп жүргесін бізді әсіресе басқасынан бөлек, цифрландыру мен білім-ғылым саласын жасанды интеллектке бейімдеу туралы тұсы да ерекше қызықтырды. Сұхбатта бұл бағытта айтылған мэсседждерді өзімізге түртіп те алдық.

Қазақстан цифрлық державаға айналуы керек.

Қазірдің өзінде Қытайда жасанды интеллект мәселесімен айналысатын бес мыңға жуық компания жұмыс істеп жатыр.

2025 жылы ІТ-қызметтердің жалпы экспорты бір миллиард долларға жуықтады. Цифрлық активтерге арналған CryptoCity пилоттық аймағы құрылып жатыр. Жедел дамитын Alatau city қаласының құрылысы басталды.

Қарашада «Жасанды интеллект туралы» заңға қол қойылды, жаңа заң жақында күшіне енеді. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды. Alem.Cloud және Al-Farabium деп аталатын екі суперкомпьютер іске қосылды, Астана әкімдігі Біріккен Араб Әмірліктерінің танымал компаниясымен бірлесіп, дербес платформа құрды.

Кәсіби кадрларды даярлау үшін мектептер мен университеттерде тиісті білім беру бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, 650 мыңнан астам студент AI-Sana бағдарламасы аясында білім алды.

Жасанды интеллект мамандандырылған зерттеу университеті ашылады.

Президент айтқан жасанды интелектіні түрлі салаға дендеп енгізу ісі Фараби университетінде де қарқынды жүзеге асып жатыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқан Al-Farabium суперкомпьютері іске қосылды. Университетімізде елімізде тұңғыш рет жасанды интеллект факультеті ашылды. ЖИ-ге қатысты пәндерді білім беру бағдарламаларына енгізу қарқынды жүріп жатыр.
Мәселен, журналистика факультетімізде елімізде тұңғыш рет «Медиадағы жасанды интеллект» білім беру бағдарламасы ашылды. Факультетімізде сондай-ақ, елімізде алғаш рет «ЖИ және медиа» ғылыми-зерттеу зертханасы ашылды.

ЖИ көмегімен жасалған еліміздегі алғашқы студенттік газет те біздің журфактан шықты. Ол аз болса, медиадағы жасанды интелект тақырыбын арқау еткен тұңғыш PhD диссертация да факультетімізде қорғалды.

Айтпақшы, ғылымдағы ЖИ мәселелерін қаузайтын еліміздегі алғашқы кросс-медиа форматындағы тележоба факультетімізде жүзеге асты. Жобаның ерекшелігі – Марат Барманқұлов студенттік телестудияда түсірілген телехабардың желілік нұсқасы инстаграм парақшасында және «Алатау ақпарат» медиахолдингі сайтында жарияланады. Нағыз конвергентті жоба деп осыны айт! Жобаны 4-курс білім алушысы
Айгерім Есімхан жүргізеді.
Жылқы жылы – ЖИ жылы Фараби университетінде басталып кетті осылай.