«Киберқауіпсіздік әліппесі: сенің деректерің – сенің қорғаның» Farabi University

«Киберқауіпсіздік әліппесі: сенің деректерің – сенің қорғаның» 

20 қазан, 2025

«Киберқауіпсіздік әліппесі: сенің деректерің – сенің қорғаның» 

2025–2026 оқу жылы аясында студенттердің цифрлық сауаттылығын арттыру, жеке деректерді қорғау мәдениетін қалыптастыру мақсатында жатақханада «Киберқауіпсіздік әліппесі: сенің деректерің – сенің қорғаның» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.

Іс-шара барысында студенттерге киберқауіпсіздіктің негізгі ұғымдары түсіндіріліп, жеке деректердің құндылығы, оларды қорғаудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Сабақта құпиясөздерді дұрыс құру ережелері, екі факторлы аутентификацияны қолдану, фишингтік сайттар мен күмәнді сілтемелерден сақтану жолдары, әлеуметтік желілерде жеке ақпаратты жариялаудың қауіптері нақты мысалдар арқылы қарастырылды.

Сондай-ақ, қоғамдық Wi-Fi желілерін пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау, мобильді қосымшаларға берілетін рұқсаттарды бақылау және киберқылмыс түрлері туралы мәліметтер ұсынылды. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, күнделікті өмірде кездесетін жағдайлар бойынша пікір алмасты.

Сабақ интерактивті форматта өтіп, студенттердің қызығушылығын арттырды. Нәтижесінде қатысушылар киберқауіпсіздік дағдыларын жетілдіріп, жеке ақпаратты қорғаудың жауапкершілігін терең түсінді.