Сенбілікке қатысу туралы есеп
2025–2026 оқу жылының тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес университет аумағында ұйымдастырылған сенбілікке кураторлық топ студенттері қатысты.
Сенбілік барысында оқу корпусы мен оған іргелес аумақты тазалау, қоқыс жинау және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Студенттер берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындап, іс-шараға белсенді түрде атсалысты.
Аталған сенбілік студенттердің ұжымдық жауапкершілігін арттыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға және университет аумағының тазалығын сақтауға өз үлесін қосты.
Іс-шара соңында қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Басқа жаңалықтар
27 қаңтар, 2026
27 қаңтар, 2026
27 қаңтар, 2026