Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №17 "Мақсатқа қол жеткізу үшін ынтымақтастық" бағыты аясында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы мен облыстық білім басқармасы 20-21 қараша аралығында Алматы қаласындағы Абай атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңін өткізді. Бұл жерде «Этномәдениеттану», «Өлкетану» бағытындағы оқушылардың облыстық деңгейдегі жобалары қорғалды. Археология, этнология және музеология кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Қ.Баудиярова «Өлкетану» бағыты бойынша қазылар алқасының төрағасы болды. Дарынды оқушылардың жобаларын тыңдай отырып, жобаны болашақта жалғастыруға мүмкіндік бар екенін, осы мамандықтың «Этнология, антропология», «Музеология және тарихи-мәдени туризмнің» Археология, этнология және музеология кафедрасында екендігін атап өтті. Жобадан соң 10-11 сыныптың оқушыларына профориентациялық жұмыс жүргізіліп, мамандық таңдауға бағыт-бағдар берілді.

11 ақпан, 2026
11 ақпан, 2026
11 ақпан, 2026