Шетелдік студенттер Қазақтың дастарқаны, қонақ күту рәсімі, ұлттық тағамдар мен салт-дәстүрлер туралы біліп, күнделікті өмірмен етене таныстыFarabi University

Шетелдік студенттер Қазақтың дастарқаны, қонақ күту рәсімі, ұлттық тағамдар мен салт-дәстүрлер туралы біліп, күнделікті өмірмен етене танысты

8 қаңтар, 2026

“Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік” ТДМ 17 шеңберінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алып жатқан шетелдік студенттерге қазақ халқының салт-дәстүрлерін таныстыру мақсатында оқытушысы, ғылыми жетекші - Досжанов Ерлан Оспанович шетелдік магистранттар мен докторанттарды өз үйіне шақырып, ұлттық қонақжайлылықты көрсетті.

Студенттер қазақтың дастарқаны, қонақ күту рәсімі, ұлттық тағамдар мен салт-дәстүрлер туралы біліп, күнделікті өмірмен етене танысты. 

Бұл бастама студенттердің Қазақстан мәдениетіне деген қызығушылығын арттырып, достық пен өзара түсіністікті нығайтуға үлкен үлес қосты.

Шара ұлттық құндылықтарды дәріптеп, мәдениетаралық байланыстарды дамытуға бағытталған тәрбиелік мәні зор кездесу болды.