- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде салтанатты түрде бітіруші магистранттарға диплом табыстау рәсімі өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде салтанатты түрде бітіруші магистранттарға диплом табыстау рәсімі өтті
Бұл шара – магистратура бағдарламасын табысты аяқтап, ғылым мен кәсіби дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан түлектер үшін маңызды әрі тарихи сәт. Іс-шараға факультет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, түлектер қатысты. Факультет деканы Актымбаева Алия Сағындыковна құттықтау сөз сөйлеп, бітіруші магистранттардың ғылым жолындағы жетістіктерін, белсенділіктерін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, оларды үлкен өмірге қадам басқан сәттерімен құттықтап, болашақта табысты маман иесі болуларына тілек білдірді.

Салтанатты жиын барысында үздік бітірген магистранттарға алғыс хаттар мен марапаттар табысталды. Бітірушілер де өз кезегінде оқытушыларға алғыстарын білдіріп, университет қабырғасында алған білім мен тәжірибенің болашақ өмірлеріне берер септігі зор екенін айтты.

Бұл шара – білім мен ғылымға адал қызмет етуді мақсат еткен жас мамандар үшін үлкен шабыт пен жауапкершілік жүктейтін маңызды сәт болды.