Алматы ТВ

25 сәуір, 2016

Алматыда студенттер арасында республикалық айтыс өтті. ВИДЕО 21.04.2016 11:21:25 «Тәуелсіздік тағылымы». Алматыда осындай атаумен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай жас ақындар арасында республикалық айтыс өтті. Дүбірлі додаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 12 дарынды ақын қатысты. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Астана, Семей қалаларынан, Павлодар және Алматы облыстарынан келген ақындардың басын қосты. Жыр сайысында ақындар еліміздің тәуелсіздік алғалы бері жеткен жетістіктерін мадақтады. Оған қоса, жас ақындар айтысына қоғамдағы ашындырар өзекті тақырыптар да арқау болды. Жұмыссыздық, баспана мәселесі, денсаулық сақтау саласындағы олқылықтар туралы айтысты. Тәуелсіз ел болсақ та, қазақтардың өзі қазақ тілінен әлі де жиреніп жүргенін мінеп-сынады. Ұйымдастырушылар айтыс әділ өтуі үшін жеребені 1 сағат қалғанда ғана жүргізген. Өмір сүру, сүрмеуің дәрігерлердің ағайын Қалтасына тәуелді. Осыларды жоймасақ, Бір тосқауыл қоймасақ. Тәуелсізбін деп қазағым Мойындатпайсың әлемді. "Бұл екінші республикалық студент ақындар арасындағы айтыс. Бірінші айтыс былтыр Қазақ хандығының 500 жылдығына арналған болатын. Қазіргі таңдағы жастардың жетістіктерін дәріптеу. Осы айтыс өнері арқылы жеткізу. Сондай-ақ биыл өзіміз білетіндей ЮНЕСКО тарапынан Поэзия күні деп белгіленген. Осы даталы күнді республикалық айтыс арқылы атап өту болып отыр",- деді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы Назгүл ШЫҢҒЫСОВА. ‹‹ Артқа Күн тақырыбы