ҚазҰУ студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Чехияда білім алды
ТДМ №17 - «Тұрақты даму мақсатындағы әріптестік»
ҚазҰУ студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Чехияда білім алды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінің 6B02205 – «Тарих» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Дастан Аяулым Дастанқызы 2025–2026 оқу жылында «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасына қатысты.
Аталған бағдарлама аясында ол бір семестр бойы Чехия Республикасының Оломоуц қаласындағы Палацкий атындағы университетте білім алды. Оқу барысында студент Еуропа тарихын, мемлекеттіліктің қалыптасу үдерістерін және мемлекеттік басқару жүйесін зерттеуге бағытталған бірқатар оқу пәндерін меңгерді. Атап айтқанда: Development of State Administration and Self-Government in the Czech Lands, Modern European Statehood, Significant Chapters of European History, History of Czech Lands I–II, Gender in the Historical Context.
Шетелдік жоғары оқу орнында білім алу теориялық білімді тереңдетуге, тарихи дереккөздерді талдау, салыстырмалы тарихи зерттеулер жүргізу, сыни ойлау және академиялық жазу дағдыларын дамытуға ықпал етті. Шетелдік профессорлармен өзара тәжірибе алмасу және халықаралық академиялық ортада оқу студентке Еуропаның жоғары білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік беріп, оның кәсіби әрі тұлғалық дамуына елеулі үлес қосты.
Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы, куратор-эдвайзері Менситова Г.И.
Басқа жаңалықтар