Денсаулық сақтау саласындағы еңбек салсының болашағыFarabi University

Денсаулық сақтау саласындағы еңбек салсының болашағы

20 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 19 желтоқсанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультетінің Саясат және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасының кураторлары Есергенева Р.Т. және Курбанова М.К. 6В10101 «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын 39 бакалавр студентімен кураторлық сағат өткізді.

Іс-шара Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) аясындағы ағартушылық жұмыстар шеңберінде «Денсаулық сақтау саласындағы еңбек нарығының болашағы» тақырыбында өтті және студенттердің еңбек саласында болып жатқан және алдағы өзгерістер туралы хабардарлығын арттыруға бағытталды.

Кураторлық сағат барысында студенттер денсаулық сақтау жүйесіндегі болашақ кәсіби қызметке, сондай-ақ цифрлық медицина мен телемедицинаға көшу мәселелеріне арналған презентациялар дайындап, ұсынды.

Студенттер гендік терапия мен биотехнологиялардың даму перспективаларын белсенді түрде талқылады. Аталған бағыттар әр адамның генетикалық ерекшеліктерін ескеруге, тұқым қуалайтын патологияларды дер кезінде анықтауға және жеке емдеу жоспарларын әзірлеуге мүмкіндік беретіні атап өтілді. Сонымен қатар жаңа дәрілік препараттарды синтездеу және жасанды ағзаларды жасау мүмкіндіктері де қарастырылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша студенттер терең білім, пәнаралық дайындық және үздіксіз кәсіби даму денсаулық сақтау саласының трансформациясы жағдайында табысты қызмет атқарудың негізгі шарттары екенін түсінетіндерін көрсетті