Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің студенттері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде практикадан өтті.Farabi University

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің студенттері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде практикадан өтті.

13 қаңтар, 2026

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің "6В05220 – География" білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері 12.01.2026 – 16.01.2026 аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде зоналдық практикадан өтті.

 
Практика барысында студенттер география саласы бойынша теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстармен танысты. Сонымен қатар, кәсіби дағдыларын жетілдіріп, болашақ маман ретінде тәжірибе жинақтады.
Зоналдық практика студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, еңбек нарығына бейімделуіне оң әсерін тигізді.