Студенттерге имидждік киімдер сыйға тартылдыFarabi University

Студенттерге имидждік киімдер сыйға тартылды

15 қаңтар, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасымен белсенді студенттерге оқу ордасының брендтік имиджін айқындайтын арнайы киімдер табысталды.

Бұл игі шара жастардың университетке деген мақтаныш сезімін арттырып, корпоративтік мәдениетті нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар студенттердің университет өміріне белсенді араласуына, түрлі қоғамдық, мәдени және ғылыми іс-шараларда ҚазҰУ атынан қатысқан уақытта лайықты түрде бой көрсетуіне мүмкіндік береді.

Имидждік киімдер ҚазҰУ-дың заманауи келбетін айшықтап қана қоймай, білім алушылар арасында бірлік пен ортақ құндылықтарды қалыптастыруға ұйытқы болады.

Мұндай студенттерге бағытталған қолдау шаралары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады. Өз кезегінде студенттер көрсетілген қамқорлық пен қолдау үшін университет басшылығына алғыстарын білдіріп, ҚазҰУ-дың абыройын арттыруға бағытталған бастамаларға белсене қатысуға дайын екендерін жеткізді.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі