Farabi University
Референдум 15 марта

«Пилотсыз авиацияны дамыту инновациялық орталығы» ғылыми базасы ашылады

16 қаңтар

2026 жылдың 16 қаңтарында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Пилотсыз авиацияны дамыту инновациялық орталығы» ғылыми базасының салтанатты ашылуы өтеді.

ҚазҰУ мен «Aerial Solutions» ЖШС бірлесіп құрған орталықта ұшқышсыз ұшу аппараттары саласындағы мамандарды даярлау және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу жұмыстары іске асырылады.

      Іс-шара аясында орталықтың мүмкіндіктері мен жабдықтарын таныстыру, сондай-ақ ҚазҰУ-дың негізгі инновациялық нысандары – Farabi Hub, робототехника орталығы, Жерді қашықтан зондтау орталығы және суперкомпьютерлік кластер бойынша кампус-тур ұйымдастырылады.

 

          Өтетін орны:

          Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Әл-Фараби» кластері,

          Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71/31

 

          Басталуы: 11:00

Басқа хабарландырулар

3 наурыз

Академиялық ұтқырлық конкурсы жарияланды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2026-2027 оқу жылының күзгі семестрінде ҚР республикалық бюджеті есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуға конкурс жариялайды. Бұл мүмкіндік бакалавриат студенттеріне арналған.

 

23 қаңтар

Құрметті докторанттар!

Докторанттарға арналған бағдарлау апталығы өтеді.