Егемен Қазақстан

25 сәуір, 2016

Теміртаулық студент халықаралық форумда жүлдегер атанды. Теміртау қаласындағы Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университетінің (ҚМИУ) бірінші курс студенті Сүндет Тұрсынбек "Ұрпақтар аралығындағы "Жасыл" көпір" атты халықаралық студенттер форумында жүлдегер атанды. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен форумға Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Ұлыбритания сынды шет мемлекеттерден және Қазақстаннан 22 университеттің 300-ден астам студент жастары келіп қатысқан. Жас зерттеушілер сарапшылар назарына 200-ден астам баяндама ұсынды. Сүндет Тұрсынбек ҚМИУ-да "Серпін" бағдарламасы бойынша білім алады. Теміртауға ол Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданынан келген. Форумда болашақ ғалым "Жасыл" экономикаға көшу: білім беру, ғылым және өндірістің өзара іс-қимылы» секциясында баяндама жасаған болатын. Жиын қорытындысында қазылар арқасы теміртаулық студенттің "Арал мен Семейдің экологиялық мәселелері. Теңізді құрғатудың математикалық үлгілері" атты жұмысын үшінші жүлдеге лайық деп таныды.