✨ Ұлттық киім – ұлттың айнасы ✨
2025 жылдың 14 қарашасында органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының доцент-зерттеушісі Г.Е. Берганаева «Химиялық технология органикалық заттар» білім беру бағдарламасының 1 курс эдвайзерлік тобының орыс бөлімі студенттерімен бірге «Ұлттық киім – ұлттың айнасы» челленджіне қатысты.
Студенттер мен эдвайзер ұлттық киім киіп келіп, қазақ халқының мәдени мұрасын құрметтеу мен ұлттық дәстүрдің көркемдігін көрсетті.
Іс-шара ТДМ 4 – «Сапалы білім» (4.3.3: кәсіби оқыту және өмір бойы білім алу) аясында ұйымдастырылды.