Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне – 92 жыл!Farabi University

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне – 92 жыл!

15 қаңтар, 2026

Бүгін еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірі - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 92 жыл. Бұл — терең тарихы бар, ұлттық білім мен ғылымның алтын қазығына айналған университет үшін айрықша маңызы бар күн.

Осы атаулы мерекемен Экономика және бизнес жоғары мектебі университет ұжымын, профессор-оқытушылар құрамын, студенттер мен түлектерді шын жүректен құттықтайды.

92 жыл - бұл тек уақыт белесі ғана емес, бұл - білім мен ғылым жолындағы үздіксіз ізденістің, академиялық дәстүрдің, зияткерлік дамудың айқын көрсеткіші. Университет қабырғасында мыңдаған білікті мамандар, көрнекті ғалымдар мен ел дамуына үлес қосқан тұлғалар тәрбиеленіп шықты. ҚазҰУ бүгінде халықаралық білім кеңістігінде танылған, инновация мен ғылыми зерттеулердің орталығына айналған беделді университет.

Мерейтой аясында ұйымдастырылған іс-шаралар барысында профессор-оқытушылар өз ой-пікірлерімен, ғылыми көзқарастарымен және ұсыныстарымен бөлісіп, білім беру мен ғылымды дамытудың өзекті мәселелерін талқылауда. Бұл - ортақ құндылықтарды дәріптеп, болашаққа бағытталған жаңа идеяларды қалыптастыратын маңызды алаң. 

Алда - жаңа мақсаттар, тың бастамалар, жарқын жобалар мен ауқымды жетістіктер күтіп тұр. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті алдағы уақытта да сапалы білім берудің, ғылыми инновациялардың және болашақ көшбасшыларды даярлаудың жетекші ордасы болып қала беретініне сенім мол.

Университетімізге баянды болашақ, шығармашылық табыс.