ҚазҰУ кампусы: дәстүр мен цифрлық болашақты жалғаған танымдық сапарFarabi University

ҚазҰУ кампусы: дәстүр мен цифрлық болашақты жалғаған танымдық сапар

15 қаңтар, 2026

2026 жылғы 15 қаңтар күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде профессорлық-оқытушылық құрамға арналған ҚазҰУ-дың 92 жылдық тарихындағы кампус аумағында болған өзгерістер мен жаңадан ашылған нысандармен таныстыру мақсатында кампус тур ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қатысушылар университеттің заманауи ғылыми-инновациялық инфрақұрылымымен танысты. Атап айтқанда, Farabi Hub, Robotics Hub, суперкомпьютерлік орталық және өзге де озық ғылыми-зерттеу алаңдарының қызметі мен мүмкіндіктері таныстырылды.

Кампус тур ҚазҰУ-дың білім мен ғылымды интеграциялау, цифрландыру және инновациялық дамуға бағытталған стратегиялық ұстанымдарын айқындай отырып, профессорлық-оқытушылық құрам үшін тәжірибелік және танымдық маңызы зор іс-шара болды.

Аталған тур университеттің қазіргі даму бағытын тереңірек түсінуге, сондай-ақ оқу және ғылыми қызметте жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға жол ашты.