- Басты бет
- Жаңалықтар
- Экономика және бизнес жоғары мектебінің қысқы мектебі аясындағы әдістемелік семинар
Экономика және бизнес жоғары мектебінің қысқы мектебі аясындағы әдістемелік семинар
Экономика және бизнес жоғары мектебінің дәстүрлі қысқы мектебі аясында 2026 жылдың 05-16 қаңтар аралығында факультет оқытушыларының қатысуымен «Білім беру мен оқытудағы заманауи педагогикалық тәжірибелер, цифрлық құралдар және инновациялар» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өтті.
Әдістемелік семинардың қысқы мектебін өткізудегі мақсат профессор-оқытушылар құрамының кәсіби және әдістемелік құзыреттілігін арттыру, заманауи білім беру технологияларын енгізу тәжірибесімен алмасу, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру болды.
Қысқы мектеп аясында келесі негізгі бағыттар қарастырылды:
- JoVE қосымшасы арқылы оқу процессін оңтайландыру әдістері;
- интерактивті силлабустар мен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу және өзектендіру;
- оқытудың цифрлық білім беру технологияларын пайдалануды және интерактивті әдістерін енгізу кеңейту;
- білім беру процесін жаңғырту құралы ретінде оқытудың зерттеу әдістерін игеру және енгізу;
- қорытынды бақылауды өткізудің инновациялық нысандары.
Семинар барысында жетекші оқытушылардың баяндамалары ұсынылды, оқытудың инновациялық әдістемелерін іске асырудың практикалық мысалдары қаралды, оқу процесін әдістемелік қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды.
Әдістемелік семинардың қысқы мектебін өткізу осындай іс-шаралардың жоғары өзектілігі мен практикалық маңыздылығын көрсетті. Қысқы мектеп қорытындысы бойынша семинарға қатысушылар оқу процесін жақсарту бойынша келесідей ұсыныстар әзірледі:
- әдістемелік мектептер мен семинарлар өткізу практикасын жалғастыру;
- алынған әдістемелік ұсынымдарды оқу процесіне енгізу;
- оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу және жаңарту жөніндегі жұмысты жандандыру.
Басқа жаңалықтар