Дрон орталығының ашылуындағы сөзіFarabi University

Дрон орталығының ашылуындағы сөзі

16 қаңтар, 2026

           Құрметті қонақтар!
Құрметті университет серіктестері мен әріптестер!
 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қош келдіңіздер!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысында:
«Біздің ұлт ретінде бәсекеге қабілеттілігіміз бен егемендігіміз осы технологияны қалай пайдаланатынымызға тікелей байланысты.

Қазіргі озық технологиялар дәуірінде әрбір маман өз кәсібімен қатар, цифрлық дағдыларды жетік меңгеріп, жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін жұмыс барысында тиімді қолдана білуі қажет», – деп атап өтті.

Президент өткен жылғы жолдауында алдағы үш жыл ішінде Қазақстанды толық цифрлық елге айналдыру жөнінде стратегиялық мақсат қойды.

Осы міндетті жүзеге асыруда ғылыми қауымдастық пен университеттік ғылымға айрықша жауапкершілік жүктеліп отыр.

Бүгін біз география және табиғатты пайдалану факультетінің базасында «Ұшқышсыз авиацияны дамыту инновациялық орталығын» ашып отырмыз.

Бұл – университетіміз үшін ғана емес, еліміздің технологиялық дамуы үшін де ерекше маңызы бар тарихи оқиға.

«Aerial Solution» компаниясымен бірлесіп құрылған бұл орталық университет пен өндіріс арасындағы стратегиялық серіктестіктің нақты нәтижесі.

Орталық ауқымды ғылыми жобаларды іске асыруға, заманауи дрондарды жасап, құрастыруға,

білікті мамандарды даярлауға және студенттердің тағылымдамадан өтуіне кең мүмкіндік береді.
Орталықта жасалған дрондар экономиканың түрлі саласында тиімді қолданылатын болады.

 

Уважаемые партнёры, гости университета и коллеги!

В настоящее время технологии беспилотных летательных аппаратов стремительно развиваются во всём мире.

Они широко применяются в сельском хозяйстве, экологии, геодезии, картографии, сфере безопасности, мониторинге территорий и промышленности.

Эти тенденции актуальны и для Республики Казахстан. Внедрение БПЛА повышает эффективность управления территориями, способствует цифровизации отраслей и устойчивому развитию экономики.

Ключевая миссия Инновационного центра развития беспилотной авиации – подготовка специалистов, востребованных на рынке труда.

Они приобретают современные технологические компетенции и практические навыки работы с беспилотными авиационными системами.

Также они осваивают цифровые и аналитические решения на основе искусственного интеллекта.

Деятельность центра полностью соответствует Концепции развития гражданской беспилотной авиации РК на 25-31 годы.

Этот стратегический документ ставит приоритет на совершенствование системы подготовки кадров, развитие научно-исследовательских и опытно-конструкторских работ.

Он также создаёт условия для безопасного и масштабного внедрения БПЛА в экономику страны.

Особенность центра – дуальная система образования.        Она сочетает теоретическую подготовку с практическим обучением в реальных производственных условиях.

Студенты проходят практику на базе профильных организаций.

Они осваивают эксплуатацию современных беспилотных платформ, программного обеспечения, геоинформационных систем и интеллектуальных аналитических инструментов.

Основные направления деятельности центра включают подготовку и сертификацию пилотов БПЛА, проведение научно-исследовательских и опытно-конструкторских работ, реализацию прикладных и инновационных проектов.

Также центр поддерживает запуск стартапов в сфере беспилотной авиации, цифровых технологий и ИИ.

 

Құрметті әріптестер!

 

Жаңа орталық университет ғылымын өндіріспен тығыз байланыстырып, инновацияларды коммерцияландыруға, жаңа технологияларды тәжірибеге енгізуге, еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетін арттыруға зор үлес қосады деп сенемін.

Осы орайда, серіктесіміз «Aerial Solution» компаниясына өзара сенім мен тиімді әріптестік үшін шынайы алғысымды білдіремін.
Алдағы уақытта бұл маңызды жобаға атсалысып отырған география және табиғатты пайдалану факультетін ауқымды әрі жауапты жұмыстар күтіп тұр.

Орталық жұмысына табыс тілеймін.