Ақпараттық жүйелер кафедрасының оқытушылары университеттің жаңартылған инфрақұрылымы мен заманауи ғылыми-зерттеу орталықтарына экскурсия жасадыFarabi University

Ақпараттық жүйелер кафедрасының оқытушылары университеттің жаңартылған инфрақұрылымы мен заманауи ғылыми-зерттеу орталықтарына экскурсия жасады

16 қаңтар, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 92 жылдық мерей тойына орай “Ақпараттық жүйелер” кафедрасының оқытушылары университеттің жаңартылған инфрақұрылымы мен заманауи ғылыми-зерттеу орталықтарына экскурсия жасады.  Digital & Intelligent Workshop жоғары технология, инновация және ғылымның нақты тоғысқан кеңістігі екенін көрсетті.  Экскурсия барысында ҚазҰУ-дың жоғары өнімді суперкомпьютерлік кешені таныстырылды. Бұл – ғылым мен білімнің үйлесімі, зерттеу мен тәжірибенің бірлігі, ұлттық ғылымның жаңа деңгейі.