ЭжБЖМ-де экономикалық зерттеулердің заманауи әдістері бойынша мастер-класс өттіFarabi University

ЭжБЖМ-де экономикалық зерттеулердің заманауи әдістері бойынша мастер-класс өтті

19 қаңтар, 2026

14 қаңтар күні Экономика және бизнес жоғары мектебінің Жас оқытушыларға арналған Қысқы мектебі аясында экономика ғылымдарының докторы, профессор Адамбекова Айнагүл Амангелдіқызының «Зерттеу әдістері: іргелі және нейрожелілік формат» тақырыбында мастер-класы өтті.

Мастер-класс экономикалық зерттеулердің әдіснамалық мәселелеріне арналды және қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Іс-шара барысында экономикалық зерттеулерде қолданылатын базалық әдістердің тәжірибелік мысалдары ұсынылып, ғылыми журналдардың зерттеу әдістерін сипаттауға қоятын қазіргі талаптары талқыланды.

Бағдарламада сапалық зерттеу әдістеріне, әдеби шолу, контент-талдау және free-контент талдаудың салыстырмалы талдауына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, деректердегі уақытша кешеуіл жағдайында қолданылатын сандық зерттеу әдістері, атап айтқанда прокси-айнымалылар, экстраполяция, интерполяция және деректерді иммутациялау әдістері кеңінен қарастырылды.

Тыңдаушылардың ерекше қызығушылығын LSTM, Neural Mapping, ML-SAE және басқа да нейрожелілік әдістерді қолдану бойынша берілген ұсыныстар тудырды. Бұл әдістер деректердегі шуды азайтуға, сызықтық емес трендтер мен сыртқы шоктарды ескеруге, сондай-ақ Python және R бағдарламалау тілдерін экономикалық зерттеулерде кеңінен қолдануға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Мастер-класс жас және тәжірибелі оқытушылар мен зерттеушілер тарапынан жоғары бағаланып, ұсынылған тақырыптың өзектілігі мен тәжірибелік маңыздылығын айқындады.