АЛДЫН АЛА ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
19 қаңтар, 2026
2026 жылдың 23 қаңтарында сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің картография және геоинформатика кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді. Күн тәртібінде Аталыкова Назым Султангалиевнаның «8D07302 – Геоинформатика» білім беру бағдарламасы бойынша философия ғылымдарының докторы (Ph.D.) дәрежесін алу үшін «Қазақстан кенорындарындағы карьер кемері тұрақтылығын зерттеу әдістемесін әзірлеу» тақырыбындағы докторлық диссертациясының алдын ала қорғауы гибридті формада өтеді.
Ғылыми жетекшілер:
Отандық ғылыми кеңесші: Джангулова Г.К. – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, (Алматы, Қазақстан).
Шетелдік ғылыми кеңесші: Наджи Йыстыклы – PhD, профессор (Стамбул қ., Түркия мемлекеті).
Рецензенттер:
Орынгожин Е.С – т.ғ.д., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ картография және геоинформатика кафедрасының профессоры (Алматы, Қазақстан).
Пентаев Т.П. – т.ғ.д., ҚазҰАЗУ жер ресурстары және кадастр кафедрасының профессоры (Алматы, Қазақстан).
Өтетін орны: 225 конференц залы/онлайн., география және табиғатты пайдалану факультеті,
Конференция идентификаторы: 412 102 3277
Кіру коды: BvXD8N
https://us05web.zoom.us/j/4121023277?pwd=P3PdGxxwgPkZb2mM1J6y9Y2KmShVWV.1