Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де докторанттарға арналған ғылыми-инновациялық бағыттағы онлайн вебинар өттіFarabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де докторанттарға арналған ғылыми-инновациялық бағыттағы онлайн вебинар өтті

16 қаңтар, 2026

Ағымдағы жылдың 16 қаңтарында сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінде докторанттарға арналған онлайн ғылыми вебинар өтті. Іс-шара факультет деканының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Карыбаева Айнұр Несібекқызы мен факультеттің Жас ғалымдар кеңесінің жетекшісі Айтенова Альфия Аманжоловнаның ұйымдастыруымен өткізілді.

Вебинар барысында университеттің Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау басқармасының бас маманы Мадиев Сағыныш Сансызбайұлы докторанттарға диссертациялық жұмыстарды қорғау кезінде қойылатын өзекті талаптар, рәсімдік кезеңдер және жиі кездесетін мәселелер бойынша жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына нақты әрі мазмұнды жауаптар ұсынылды.

Аталған онлайн ғылыми вебинарға 70-тен астам докторант қатысып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын аяқтау және диссертация қорғауға дайындық барысындағы маңызды мәселелерге қатысты пайдалы мәліметтер алды.