Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да этнологтарға арналған Қысқы мектеп сәтті өтті
2026 жылдың 12–16 қаңтары аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде, археология, этнология және музеология кафедрасында «Этнологияның өзекті мәселелері (әлеуметтік-мәдени антропология): тарих және қазіргі заман» тақырыбында халықаралық Қысқы мектеп өтті.
Іс-шара Zoom платформасында онлайн форматта ұйымдастырылып, Қазақстанның түкпір-түкпірінен 197-ден астам қатысушы тіркеліп, белсенді қатысты. Қысқы мектептің мақсаты – этнология және әлеуметтік-мәдени антропология саласындағы қазіргі ғылыми бағыттарды талқылап, халықаралық тәжірибе алмасу алаңын құру болды.
Мектептің бағдарламасына шетелдік және отандық белгілі ғалымдардың дәрістері енгізілді. Атап айтқанда:
- Проф. Габор Бицо (Дебрецен университеті, Венгрия) – әлеуметтік-мәдени антропологиядағы заманауи теориялық бағыттар
- Проф. Рональд Уайли (АҚШ) – қазақтардың бейресми қақтығыстарды реттеу тәжірибесі
- Анна Цеслевска (Лодзь университеті, Польша) – Әзірбайжандық отбасының этнографиялық зерттеуі
- Барно Убайдуллаева (Өзбекстан) – түркі халықтарының этнопедагогикасы
- Брено Алленкар (Бразилия) – цифрлық мәдениет және эпистемологиялық әділеттік
- Ефилина Киссия (Индонезия) – дәстүрлі экологиялық білім
- Проф. Роберт Лангер (Германия) – кеңістіктегі дін және аралас әдістер
Қазақстан, Ресей, Қырғызстан елдерінен де жетекші ғалымдар қатысып, өз зерттеулерін ұсынды.
Мектеп аясында тыңдаушыларға әлеуметтік-мәдени антропологияның заманауи тәсілдерімен, далалық зерттеулердің әдістемесімен және мәдениетаралық талдаудың өзекті аспектілерімен танысу мүмкіндігі ұсынылды. Барлық дәрістер жоспарланған кестеге сай өткізілді, қатысушылар жоғары белсенділік пен қызығушылық танытты.
Қысқы мектеп толықтай сәтті өтті, қатысушылар жағымды пікір білдіріп, осындай ғылыми алаңдардың маңыздылығын ерекше атап өтті. Ұйымдастырушылар тарапынан жоғары деңгейде дайындық жүргізілді, техникалық және мазмұндық бөліктер нақты жоспар бойынша жүзеге асты.
Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаты 4 – «Барлыққа сапалы және әділетті білім беру, өмір бойы оқу мүмкіндігін көтермелеу» аясында жүзеге асты. Қысқы мектеп әртүрлі елдерден келген ғалымдар мен жастар арасында білім мен тәжірибе алмасудың инклюзивті ортасын ұсынды.
Сонымен қатар, ТДМ 17 – «Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін жаһандық серіктестік орнату» шеңберінде халықаралық академиялық ынтымақтастықтың үлгілі көрінісіне айналды.
Кафедра ұжымы мен жұмыс тобына алғыс білдіреміз! Сонымен қатар, уақыттарын бөліп, терең мазмұнды дәрістерімен бөліскен халықаралық әріптестерімізге шынайы алғыс білдіреміз. Сіздің қатысуыңыз мектеп мазмұнын жаңа деңгейге көтерді!
Басқа жаңалықтар