Адал Қазақстан болашағын құрудың кепілі
2026 жылдың 19 қаңтарында Қызылордада 5-ші Ұлттық Құрылтайдың тарихи отырысы өтті. Мемлекет басшысы Құрылтай жұмысына қатысып, Қазақстанды дамытудың төрт стратегиялық басымдылығының бірі - адами капиталды дамыту екенін атап өтті. Білім және ғылым - Әділ Қазақстанды құрудың және «Адал Азамат» тұжырымдамасын жүзеге асырудың негізі құралдарының бір болып табылады.
Президент өз сөзінде Адал Қазақстан құру мәселесі Қазақстанның жарқын болашағын жасау үшін тек озық білім, ілімді ғана меңгерумен шектелмей, сонымен қатар адамгершілік құндылықтарды да меңгерген жаңа буын мамандарын даярлауды да сөзге тиек етті.
Құрылтайда сондай ақ, технологиялық серпіліс мәселелері талқыланды. Елімізде қазірдің өзінде осы бағытта белсенді жұмыс атқарылып, энергетика, елдің, технология, экономика салаларын жақсартатын және жасанды интеллект сияқты озық орталықтарды құрып, осы салаларда халықаралық ынтымақтастық дамытылып отыр. Сонымен қатар Президент Құрылтайда Ұлттық бірегейлікті нығайту мәселесі де маңызды тақырыптардың бірі екенін атап өтті. Бұл бастамаларды қолдайтын еліміздегі мәдени және білім беру ошақтары ғылыми жобалар жасап, ерен еңбек етіп, өз үлестерін қосып келеді.
Құрылтайда президент мемлекеттік реформалардың ел өмірінің барлық салаларын қамтитын игі жұмыстар атқарылып, кезек күттірмейтін мәселерді шешу үшін әрекет жасау қажет екендігін тағы да еске салды. Құрылтайда қамтылған мәселер мен оларды шешу жолдарын анықтау Адал Қазақстан құру жолында еңбек ететін халқымызға тағы бір жаңа серпіліс берді.
Баймуратова И.А. Филология факультеті, шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы