Erasmus+ бағдарламасы (Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру) бойынша грант иегерлерінің кездесуі – 2026Farabi University

Erasmus+ бағдарламасы (Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру) бойынша грант иегерлерінің кездесуі – 2026

21 қаңтар, 2026

2026 жылдың 20-21 қаңтарында тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы мен картография және геоинформатика кафедрасының өкілдері «MECAS: Development of Master Curricula in Ecoinformatics for the Impact on the Aral Sea Basin» халықаралық жобасы аясында Erasmus+ (Capacity Building in Higher Education) – 2026 бағдарламасы бойынша өткен Grant Holders Meeting жиналысына қатысты.

Кездесу барысында жобаны ұйымдастыру, үйлестіру және іске асыру мәселелері, сондай-ақ қаржылық және әкімшілік аспектілер, есептілік талаптары мен сапаны қамтамасыз ету тетіктері талқыланды.