- Басты бет
- Жаңалықтар
- Ғылым мен азаматтық қоғам тоғысындағы ойлар: профессор Есенжол Алияровтың 70 жылдығына арналған халықаралық конференция
Ғылым мен азаматтық қоғам тоғысындағы ойлар: профессор Есенжол Алияровтың 70 жылдығына арналған халықаралық конференция
Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде белгілі ғалым, саяси ғылымдарының докторы, профессор Есенжол Қаниұлы Алияровтың 70 жылдық мерейтойына арналған
«Азаматтық қоғамның саяси мәдениетінің эволюциясы, трендтері мен перспективалары: қазақстандық және шетелдік тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шараға Қазақстан мен шетелден келген жетекші ғалымдар, сарапшылар, жоғары оқу орындарының басшылары мен жас зерттеушілер қатысты. Конференция барысында азаматтық қоғамның дамуы, саяси мәдениеттің өзгеруі, мемлекеттік басқару эволюциясы және сыртқы саяси үдерістерге қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Пленарлық отырыста отандық және шетелдік сарапшылар баяндамалар жасап, мазмұнды пікірталас өтті. Сонымен қатар, мерейтой иесіне арналған «Өмір жолы – Дорога жизни» атты кітаптың таныстырылымы ұйымдастырылды. Басылымда ғалымның өмір жолы мен ғылыми қызметін сипаттайтын әріптестері, шәкірттері мен жақындарының естеліктері жинақталған.
Конференция аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің магистратура түлектеріне диплом табысталды.
Аталған жиын ғылыми қауымдастық үшін маңызды пікір алмасу алаңына айналды.

Басқа жаңалықтар