География және табиғатты пайдалану факультетінің Әдеп жөніндегі кеңесіFarabi University

География және табиғатты пайдалану факультетінің Әдеп жөніндегі кеңесі

24 қаңтар, 2026

Әдеп жөніндегі кеңесі география және табиғатты пайдалану факультетінде 2026 жылдың 22 қаңтарында ұйымдастырылды. Іс-шара 1 сағатқа созылып, сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі аралықта өтті.

Жағдаятты басқару орталығынан келген хатқа сәйкес, география және табиғатты пайдалану факультетінің этика кеңесінде студенттердің жатақханада тұру ережелерін сақтамауына байланысты туындаған мәселелер қаралды. Кеңеске төрағалық етуші С.С. Тугельбаев, комиссия мүшелері және әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары А.М. Рыскельдиева қатысты. 

Кеңес барысында студенттердің этикалық мінез-құлқын реттеу, ішкі тәртіп ережелерін сақтау және жауапкершілікті арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, студенттер арасында тәртіп пен өзара сыйластықты нығайту мақсатында түсіндіру жұмыстары, дәрістер мен жиналыстар өткізу туралы шешім қабылданды.

Кеңес қорытындысында жатақханада тұру ережелерін сақтау студенттердің қауіпсіздігі мен қолайлы тұрмыстық жағдайды қамтамасыз етудің маңызды шарты екендігі атап өтілді.