- Басты бет
- Жаңалықтар
- Компьютерлік ғылымдар кафедрасының білім беру бағдарламалары — 2026 жылға арналған «Атамекен» ҚР ҰКП рейтингі көшбасшыларының қатарында
Компьютерлік ғылымдар кафедрасының білім беру бағдарламалары — 2026 жылға арналған «Атамекен» ҚР ҰКП рейтингі көшбасшыларының қатарында
Компьютерлік ғылымдар кафедрасында жүзеге асырылатын «Компьютерлік ғылымдар» білім беру бағдарламасы 2026 жылға арналған Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингінде 1-орынды иеленді. Рейтингті ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» әзірледі. Осы білім беру бағдарламасы бойынша рейтингке ҚР-дың 9 ЖОО-сы қатысып, бағалау қорытындысы бойынша біздің бағдарлама көшбасшы атанды.
«Компьютерлік ғылымдар» бағдарламасының соңғы жылдардағы позициясының айқын оң динамикасын да атап өткен жөн:
- 2023 жыл — 3-орын
- 2024 жыл — 6-орын
- 2025 жыл — 4-орын
- 2026 жыл — 1-орын
Бұл нәтиже даярлау сапасының тұрақты түрде артып келе жатқанын, білім беру мазмұнының өзектілігін және түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді.
Сондай-ақ 2026 жылға арналған ҚР «Атамекен» ҰКП рейтингінде «Компьютерлік инженерия» білім беру бағдарламасы жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, 44 ЖОО қатысқан санатта 4-орынды иеленді. Бұл бағдарлама үшін ерекше маңызды жетістік: 2023–2025 жылдары ол тұрақты түрде 22-орында болып, 2026 жылы айтарлықтай өсім көрсетіп, ел бойынша үздіктер қатарына енді.
Компьютерлік ғылымдар кафедрасы білім беру траекторияларын жүйелі түрде дамытып, практикалық бағыттағы даярлықты күшейту және индустриялық серіктестермен өзара іс-қимылды кеңейту жұмыстарын жалғастыруда. Кафедра ұжымын, студенттер мен түлектерді жоғары нәтижелермен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа жетістіктер тілейміз.
Басқа жаңалықтар