- Басты бет
- Жаңалықтар
- География және табиғатты пайдалану факультетінің №4 студенттер үйінің студенттеріне тәртіп бұзушылыққа байланысты қабылданған шаралары
География және табиғатты пайдалану факультетінің №4 студенттер үйінің студенттеріне тәртіп бұзушылыққа байланысты қабылданған шаралары
География және табиғатты пайдалану факультетінде 2026 жылғы 22 қаңтарда №4 Студенттер үйінде тіркелген түнгі тыныштық режимінің бұзылуына байланысты тиісті шаралар қабылданды.
Жағдаятты басқару орталығынан түскен ақпаратқа сәйкес, аталған жағдай география және табиғатты пайдалану факультетінің 1 курс студенттерінің, атап айтқанда 6В05202 – Экология, 6В05205 – География, 6В07304 – Кадастр және 6В05204 – Метеорология білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың қатысуымен орын алған.
Аталған жағдайға байланысты факультет тарапынан әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары тәртіп бұзуға қатысы бар студенттермен жеке және топтық түсіндіру-профилактикалық жұмыстар жүргізді. Студенттерге Студенттер үйінде тұрудың ішкі тәртіп ережелері, түнгі тыныштықты сақтау талаптары және жеке жауапкершілік мәселелері қайта түсіндірілді.
Басқа жаңалықтар