Студенттер үйлерінің меңгерушілерімен кезекті жиналыс
26 қаңтар, 2026
26.01.2026ж. Жұмыс жоспарына сәйкес жаңа маусымның басталуына орай студенттік қалашық қызметкерлері мен студенттер үйлерінің меңгерушілерінің қатысуымен жоспарлы жиын өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – жатақханаларда ішкі тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуын қадағалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүйелеу болды. Сонымен қатар, жиын барысында өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешудің тиімді жолдары қарастырылды.


Басқа жаңалықтар
26 қаңтар, 2026
26 қаңтар, 2026
26 қаңтар, 2026