- Басты бет
- Кампус
- Студенттік қалашық әкімшілігі мен Құқықтық тәртіп сақтау жасағының кезекті кездесуі өтті
Студенттік қалашық әкімшілігі мен Құқықтық тәртіп сақтау жасағының кезекті кездесуі өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттік қалашығында студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне арналған кезекті жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуге Студенттер қалашығы директорының орынбасары Е.Т. Қалшаев және Студенттер қалашығының бас маманы Б.К. Дихан, сондай-ақ Құқықтық тәртіп сақтау жасағының өкілдері қатысты.
Жиынның негізгі мақсаты – студенттік қалашық аумағында құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды үйлестіру, профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыру және әкімшілік пен Құқықтық тәртіп сақтау жасағы арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту.
Кездесу барысында студенттер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, университет пен студенттік қалашықтың ішкі тәртіп талаптарын сақтау, жастардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Әсіресе студенттерге заң талаптарын түсіндіру, құқықтық жауапкершілік туралы ақпарат беру және алдын алу жұмыстарын тұрақты жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.
Сонымен қатар студенттік қалашықтағы қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру, жатақханалар мен ортақ пайдалану орындарында тәртіп сақтау, күмәнді жағдайлар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Төтенше жағдайлар туындаған кезде студенттердің дұрыс әрекет етуі және қауіпсіздік ережелерін сақтауы қажеттігі де сөз болды.
Жиын барысында студенттердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың ұсыныстары мен өтініштеріне назар аудару, сондай-ақ студенттермен тұрақты кері байланыс орнату мәселелері қарастырылды. Құқықтық тәртіп сақтау бағытындағы жұмыстарды тек бақылау шараларымен шектемей, студенттер арасында түсіндіру және тәрбиелік жұмыстарды жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу қорытындысында тараптар құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірлескен жұмыстарды жандандыру, профилактикалық кездесулер мен түсіндіру іс-шараларын тұрақты ұйымдастыру және студенттік қалашықта қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру жөнінде ортақ пікірге келді.
Студенттік қалашық әкімшілігі студенттердің қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырады.


Басқа жаңалықтар