«Таза Қазақстан: экологиялық мәдениетке алғашқы қадам» атты кураторлық сағат
28.02.26 ж., сағат 12:00-де, ФФиП, 123 аудиторияда «Таза Қазақстан: экологиялық мәдениетке алғашқы қадам» атты кураторлық сағат өтті.
Іс-шара Дінтану және мәдениеттану кафедрасының 6В03102 – мәдениеттану білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері қатысуымен өткізілді. Ұйымдастырушы – кафедраның аға оқытушысы Кудайбергенов Сергазы Ережепулы.
Бұл іс-шара Тұрақты даму мақсаттары аясында (ТДМ 12-Жауапты тұтыну және өндіріс, ТДМ-13-Климаттың өзгеруімен күрес) ұйымдастырылды. Мақсаты – студенттерге экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосу, қоршаған ортаны сақтау бойынша практикалық ұсыныстарды талқылау, сондай-ақ студенттердің пікірін тыңдау арқылы белсенділікті арттыру.
Кураторлық сағат барысында келесі мәселелер талқыланды:
-
Экологиялық мәдениет және практикалық ұсыныстар.
-
Студенттердің ой-пікірлері мен көзқарастары қойылған сұрақтар мен жауаптар арқылы алынды