№5 СТУДЕНТТЕР ЖАТАҚХАНАСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
ТДМ-4 Журналистика факультетінің №5 студенттер жатақханасында білім алушылармен ақпараттық-түсіндіру жиналысы өткізілді. Аталған іс-шараға факультет деканы Қанат Әуесбайұлы және жаңа қызметке тағайындалған деканның әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Данаева Нұрлыайым Тұрсынбайқызы қатысты. Кездесу декан орынбасарын студенттерге таныстыру және әлеуметтік-тәрбие жұмысының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.
Жиналыс барысында жатақханада тұру ережелері, ішкі тәртіп талаптары мен қауіпсіздік мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан», «Қаржылық сауаттылық» бағыттары бойынша ақпарат беріліп, студенттердің құқықтық мәдениетін арттыру, қоғамдық тәртіпті сақтау, қоршаған ортаны қорғау, жеке қаржыны тиімді басқару және қаржылық тәуекелдердің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу сұрақ-жауап форматында өтіп, студенттер өздерін толғандырған мәселелер бойынша пікір алмасуға мүмкіндік алды. Мұндай ақпараттық-түсіндіру жиналыстары студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, тәртіп мәдениетін қалыптастыруға және тәрбие жұмысының тиімділігін күшейтуге бағытталған.
Басқа жаңалықтар