- Басты бет
- Жаңалықтар
- Студент жастармен жұмыс істейтін эдвайзерлердің психологиялық құзыреттілігін арттыру
Студент жастармен жұмыс істейтін эдвайзерлердің психологиялық құзыреттілігін арттыру
2026 жылғы 15 қаңтар күні сағат 10:00–13:00 аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кітапханасының 409-мәжіліс залында әлеуметтік-тәрбие жұмыстары аясында, ТДМ 3, 4 және 10 көрсеткіштеріне сәйкес Қысқы кураторлар мектебінің шеңберінде студент жастармен жұмыс істейтін эдвайзерлердің психологиялық құзыреттілігін арттыруға бағытталған тәжірибелік шеберлік семинары өтті.
Семинарды ғылым психологы, доцент Қалымбетова Эльмира Кеңесқызы және аға оқытушы Илиясова Айгуль Амангелдіқызы жүргізді.
Семинардың тақырыбы «Студенттік ортадағы суицидтік әрекетті алдын алу: оның тетіктері» деп аталды. Семинардың мақсаты – жастардың бойында өмірге төзімділікті және тиімді копинг-стратегияларды дамыту, сондай-ақ өзіне-өзі қол жұмсау қаупін қоса алғанда, стресстік және дағдарыстық жағдайларды тану бойынша тәжірибелік құзыреттіліктерді қалыптастыру.
Семинарға экономика кафедрасынан э.ғ.к., аға эдвайзер Д.Р. Тураров пен топ эдвайзері И.У. Кулиев қатысты.
Басқа жаңалықтар