- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биология және биотехнология факультеті деканатында Жаңа Конституция кең көлемде талқыланды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биология және биотехнология факультеті деканатында Жаңа Конституция кең көлемде талқыланды
02.02.2026 күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биология және биотехнология факультеті деканатында Жаңа Конституцияға арналған талқылау жиыны өтті. Жиында Жаңа Конституцияның әрбір пункті жеке қарастырылып, енгізілген нормалар мен тұжырымдар бойынша пікір алмасу жүргізілді. Кездесу ашық форматта өтіп, қатысушылар өз ұстанымдарын білдіріп, ұсыныстарын айтты.
Талқылау барысында Жаңа Конституцияның әрбір пункті бойынша тұжырымдардың нақтылығы, құқықтық нормалардың қолданылу тетіктері және олардың қоғам өміріндегі ықпалы жөнінде пікірлер ортаға салынды. Қатысушылар азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, білім мен ғылымды қолдау, әлеуметтік мәселелер, экологиялық қауіпсіздік және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бағыттарына қатысты нормаларға тоқталып, бірқатар нақтылау ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар терминологиялық бірізділік пен мәтіннің түсініктілігі мәселелері де назардан тыс қалмады.
Жиынға факультет деканы, профессор Курманбаева Меруерт Сакеновна және декан орынбасарлары: доцент м.а. Датхабаева Гаухар Кубеновна, доцент м.а. Құсманғазинов Әділ Болатұлы, аға оқытушы Даулетбаева Сания Болатовна, сондай-ақ кафедра меңгерушілері: доцент Сарсекеева Фариза Құдайбергеновна, профессор Ахтаева Нурсулу Зияхановна, профессор Кустубаева Альмира Мэлсовна, доцент Жунусбаева Жазира Кабуловна, PhD докторы Кегенова Гүлнар Болатқызы қатысты.
Жиын қорытындысында ұсыныстар мен пікірлер жинақталып, тиісті тәртіппен жүйеленетіні атап өтілді.
Басқа жаңалықтар