Құқықтық тәртіп сақтау жасағы ұйымының 2026 жылғы іс-жоспарларын талқылау
22.01.2026 жылы студенттік қалашықтың ұйымдастыруымен Құқықтық тәртіп сақтау жасағының белсенді студенттері қатысқан кезекті жиналыс болып өтті. Кездесу барысында студенттердің әлеуметтік белсенділігін арттыруға, мәдени-тәрбиелік және қоғамдық бағыттағы іс-шараларды тиімді ұйымдастыруға қатысты бірқатар ұсыныстар айтылды.
Кездесу соңында 2026 жылға арналған іс-жоспар жобасы таныстырылып, оны жүзеге асыру жолдары жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, студенттер арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жиналыстар ұйымдастыру, сондай-ақ жастардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған спорттық және мәдени іс-шараларды өткізу ұсынылды. Жиналысқа қатысушылар алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтіп, жоспарланған бастамалардың студенттік ортада құқықтық тәртіп пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға оң ықпал ететініне сенім білдірді.

