Полиция қоғамдық көмекшілерімен 2026 жылғы іс-жоспарларын талқылау
23.01.2026 жылы студенттік қалашықтың ұйымдастыруымен полиция қоғамдық көмекшілерімен кезекті жиналыс болып өтті.
Жиын барысында 2026 жылға арналған іс-жоспарлар талқыланып, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және студент жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында студенттік қалашық дирекциясының директоры Сейтжанов А.А, полиция қоғамдық көмекшілердің атқаратын рөліне тоқталып, олардың жауапкершілігін арттыру бағытындағы ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар, студенттік қалашық аумағында профилактикалық рейдтер ұйымдастыру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және өзара ынтымақтастықты нығайту жөнінде нақты жоспарлар белгіленді.
Жиын соңында қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, алдағы уақытта бірлескен жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу қажеттігін атап өтті. Кездесу өзара түсіністік пен ынтымақтастық рухында өтіп, қабылданған ұсыныстар 2026 жылғы жұмыс жоспарына енгізілетін болды.


