Роза ӘБДИЕВА, баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының доценті Баспагер мамандығы өзінің өте қызықты да, тартымдылығымен ерекшеленеді. Баспа мен баспаханадан шығатын күн сайынғы жаңалыққа толы жаңа газеттер,журналдар, жаңа кітаптар баспагер-редактор арқылы өтеді. Сондықтан баспагер оқырман мен кітап, газет, журнал арасындағы алтын көпір. Автор мен кітап тіршілігіне жан беретін,ұлттық құндылықтармен оқырмандар арасын жалғастырушы – редактор. Қызығы мен қиындығы мол редактор мамандығы туралы бірақ ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес, жұрт көп біле бермейтін,бірақ дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан редактор-баспагерлердің еңбегі ұшан-теңіз. Қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген баспагерлер – ең қажет,абыройлы мамандық иелері. Ойы зерек,қиялы жүйрік,өзінің кәсіби шеберлігін шыңдаған,оқырмандарға білім мен қажетті ақпараттың тиімдісін демдеп беріп отырған,ой-өрісі кең , жан-жақты білімді,парасатты редактордың орны да өзінше бір бөлек.Бүгінгі күні кәсіби шеберлік –кез-келген маманның қоғамдағы сұранысы мен орнын анықтайтын басты ұстаным.Әр маман иесінің қызмет көрсету деңгейі ең әуелі қызметкерлердің кәсіптік деңгейімен анықталады. Адамға рухани байлық сыйлап, ғылым мен білімнің терең сырынан сусындатар мәдениет — кітап. Елдің болашағы, өсіп-өркендеуі жастардың қолында. Еліміздің болашағын жасайтын жастар білімімен қатар шығармашылық қасиеті жоғары, өзіндік көзқарасы бар,елге тұлға болатын азаматтар болуы керек. Ал, ол азаматтарды оқытып, тәрбиелеп шығаратын орын – оқу орындары. Негізгі міндет — жас ұрпақтың тереңбілім алуында жатыр. Сол білім алатын мәдени ошақтарының бірі – біздің ҚазҰУ. Иә, келешек ұрпақ кітап оқудан тыс қалмауы керек,әрине қазіргі жастардың көңілін аударатын ақпарат жүйелері: компьютер, теледидар, Интернет. Осы ақпарат жүйелерімен қоса студент жастарды кітап оқуға баулу қажет. Осы орайда біздің кафедра талапкерлерге, студенттерге «ашық есік күні», хабарлама күндері, мамандар күні, кітап көрмелерін, әңгіме-шолулар, жаңа әдебиеттерге шолу, әдеби кештер ұйымдастырып тұрады. Баспагер оқырмандарға рухани жағынан тәрбие бере отырып, үнемі шығармашылық жағынан да көмек береді. Баспагер — үйретуші ұстаз, ол да жаңа заман талабымен жұмыс жасап, ізденіп, жастардың тәрбиесіне өз үлесін қосып келеді. Талапқа сай оқырмандарға тиімді жолдарын іздестіру, шығармашылық белсенділігімізді арттыру – баспагерлер үшін ең жауапты іс. Баспаны — ақыл-білім, адамгершілік ордасы деп білемін. Ал баспагерлерді қымбат мәдени қазынамыздың қорғаушылары деп санаймын. Біздің ұстаздар бізге келген әрбір адамға білім шуағымен қатар, көңіл шуағын да шашып,мейірімді жүздерімен өздеріне бірден баурап алады. Инабатты да,еңбекқор,табиғатынан зиялы, кез-келген қиындыққа төтеп бере алатын баспагерлердің игілікті істері қоғамға әрдайым қажет. Ендеше, білім бұлағының қайнар көзі – баспа сарқылмай өрлеп,өркендей берсін.