АҚШ-тағы C2C CTF 2025 байқауы!Farabi University

АҚШ-тағы C2C CTF 2025 байқауы!

19 шілде, 2025

АҚШ-тың Бостон қаласындағы Northeastern University базасында өткен INCS-CoE C2C CTF 2025 халықаралық турнирінің қорытындысы бойынша:

🥈 Қарагойшиев Ілияс Жомартұлы - 2 орын,
🥉 Мағазов Райымбек Саламатұлы - 3 орын иеленді!
Жеңістеріңіз құтты болсын! 👏👏👏

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген киберқауіпсіздік мамандары мен студенттері арасындағы бәсеке жоғары деңгейде өтті. "Киберқауіпсіздік және криптология" кафедрасының студенттері ел намысын абыроймен қорғап, үздіктер қатарынан көрінді. Барлық қатысушы студенттерімізді құттықтаймыз! Финалға өту және АҚШ-қа жолдама алу - үлкен жетістік. Бұл - олардың кәсіби шеберліктері мен еңбекқорлығының айқын көрінісі.

📌 INCS-CoE C2C CTF 2025
📍 Northeastern University, Boston, USA