Жаңа Конститутция «Әділетті Қазақстанның» берік негізі
Қазіргі таңда Қазақстан қоғамы жаңару кезеңін бастан өткеріп отыр. Осы өзгерістердің маңызды қадамы жаңа Конституцияның қабылдануы. Бұл құжат «Әділетті Қазақстан» идеясын жүзеге асыруға бағытталған және азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді. Жаңа Конституция елдің болашағын айқындайтын негізгі құжат ретінде білім беру жүйесіне де ерекше мән береді.
Ең алдымен, жаңа Конституцияда адам және оның құқықтарын басты құндылық ретінде қарастырады. Бұл қағида білім беру саласында өте маңызды, себебі сапалы білім әр азаматтың табысты болашағының негізі. Мемлекет әрбір баланың білім алу құқығын қорғап, оған тең мүмкіндік жасауға міндетті. Білім беру жүйесі әділетті қоғам құрудың басты тетігі. Жаңа Конституцияда білім мен ғылымды дамыту ел дамуының стратегиялық бағыты ретінде белгіленеді. Бұл ауыл мен қала арасындағы білім сапасындағы айырмашылықты азайтуға, барлық оқушылар мен студенттерге бірдей жағдай жасауға мүмкіндік береді. Осындай теңдік қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті нығайтады.
Сонымен қатар, Конституция білім беру арқылы саналы, жауапты және белсенді азамат тәрбиелеуді көздейді. Білімді ұрпақ заңды құрметтейтін, өз пікірін ашық білдіре алатын және ел дамуына үлес қоса алатын азамат. Сондықтан жаңа Конституция тек заңдық құжат ғана емес, сонымен қатар елдің рухани және зияткерлік дамуына бағытталған бағдар.
Конституция «Әділетті Қазақстанды» қалыптастырудың берік негізі болса, ал білім беру жүйесі осы мақсатқа жетудің ең маңызды жолы болып табылады. Сапалы білім алған ұрпақ қана әділетті, тұрақты және дамыған Қазақстанды құра алады.
Әл -Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Филология факультеті, Шетел тілдері кафедрасы аға оқытушы Алиярова Лаура Мадибекқызы
Басқа жаңалықтар