Айқын

27 сәуір, 2016

АСЕАН елдерінің өңірлік хабы құрылады. Индонезия елінің Қазақстан­дағы төтенше және өкілетті елшісі Фостер Гултома мырза ҚазҰУ бас­шылығымен кездесу барысында Қазақстан Еуразия құрлығының орталығы және оның география­лық орналасуы АСЕАН елдері үшін де өте маңызды әрі қызық­тыра­тын бағыт екенін мәлім­деді.«Біз Қазақстан ЖОО-лары, оның ішінде жоғары халықаралық дәрежеге ие және ғылыми-зерттеу мүмкіншілігі зор әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық университеті­мен өзара жемісті ынтымақтастық ор­натуға мүдделіміз. Бұл білім беру, ғылым мен мәдениет сынды гума­нитарлық бағыттағы әріптес­тікті нығайтуға кең жол ашатын бола­ды» деді елші. Әл-Фараби атын­да­ғы ҚазҰУ-мен екіжақты әріп­тестік аясында Индонезия аймақтанушы мамандар тағылым­да­малары мен ортақ ғылыми-зерт­теулер жүргізуді ұйымдастыру жұ­мыс­тарын қолдау­ға ниет білдірді. Индонезиялық елші ұсынысын Вьетнам Социалистік Республи­ка­сының Қазақстандағы елшісі, АСЕАН комитетінің Астанадағы төрайымы Доан Тхи Суан Хйен ханым да қолдады. Ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Оңтүстік-Шы­ғыс Азия елдері бойынша аймақтық білім-ғылым орталығын құру – Оңтүстік-Шығыс Азия уни­верситеттері арасындағы білім беру мен ғылыми жобалар ауқы­мын кеңейтуге негіз болатындығын атап өтті. ҚазҰУ ректоры, ақадемик Ғалым Мұтанов АСЕАН аймақтық білім-ғылым орталығын универ­ситет базасында құруға дайынды­ғын жеткізді. Қазірдің өзінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Оң­түс­тік-Шығыс Азия аймағынан келген студенттер білім алуда. Уни­верситет БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша Академиялық ық­пал­дастық бағдарламасының жаһан­дық хабы және ЮНЕСКО-UNITWIN бағдарламасы аясында тұрақты даму бойынша аймақтық хабы болып табылады. ҚазҰУ-дағы НАТО, «Түріксой» және тағы басқа да ғылыми-зерттеу және ре­сурс­тық орталықтар жұмыстары негізінде университетте халықара­лық ынтымақтастық бойынша мол тәжірибе жинақталған.   Ершай ӘЗІРЕТ