пікірFarabi University

пікір

5 ақпан, 2026

Қазақстанның 2026-жылғы жаңа Конституциясының жобасы жарияланды.Ол Преамбуладан, 11 бөлімнен және 95 баптан тұратын толық құжат ретінде әзірленіп, жалпыұлттық референдумға шығарылмақ.

Жаңа Конституция жобасы бойынша білім беру, ғылым және инновациялар елдің стратегиялық даму бағыттары ретінде Мемлекет назарында тұрақты түрде дамытылатын басым салаларға айналады. Бұл бағыттар адам капиталын дамыту мен экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі элементтері ретінде көрінеді.Адами капитал – мемлекеттің басты байлығы ретінде айқындалған. Конституцияда білім беру жүйесінің рөлі мен ғылымды дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде көрсетілген. Білім мен ғылым технологиялық прогрес пен инновацияны жеделдететін факторлар ретінде айқындалады. Бұл – қарапайым сөзбен айтқанда: мемлекет шәкірттер мен студенттердің білімін, зерттеушілердің ғылыми жұмыстары мен инновациялық жобаларын қолдауды Конституция деңгейінде бекітуді көздейді.

Шетелдік және ресми ақпарат көздерінде келтірілген түсіндірулер бойынша:

• Білім беру және ғылым — заманауи экономика мен технологияның басты қозғаушы күші.

• Болашақта Қазақстан «білім экономикасы» моделіне көшуге ұмтылады, онда адам капиталы елдің негізгі ресурсы болады.

• Ғылым мен инновацияларды қолдау еліміздің технологиялық дамуын жеделдетеді, инвестицияны тартады және азаматтардың әл-ауқатын арттырады-деп көрсетіледі.

Жаңа Конституция жобасында білім беру мен ғылымды дамытуды. Мемлекет саясатының негізгі бағыттарының бірі ретінде Конституция деңгейінде бекіту ұсынылып отыр. Бұл бағыт адам капиталын дамытуға, технологиялық және инновациялық прогреске серпін береді, және елдің экономикалық әрі әлеуметтік дамуына ықпал етеді.

Осы тұрғыда,ғалым ретінде айта кететінім, ақпаратық білім беру саласы, биология, медицина сияқты салалар, дүниежүзі бойынша ортақ білім беру салалары болып есептелінеді. Ал,гуманитарлық сала бойынша шетелдік индексі жоғары журналдарға мақала жариялауда біраз қиыншылықтар туындайды. Сондықтан, ғылым және білім саласында қызмет жасап жатқан азаматтар, азаматшалар осы мәселелерді толықтай дәйектейді деген сенімдемін.

Әл -Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті                         Филология факультеті, Шетел тілдері кафедрасы    аға оқытушы Мулдабекова К.Т.