«Ар-намыс жолы» атты студенттік этика және жауапкершілік жобасыFarabi University

«Ар-намыс жолы» атты студенттік этика және жауапкершілік жобасы

3 ақпан, 2026

2026 жылғы 3 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Студенттер қалашығы мамандарының ұйымдастыруымен №16 Студенттер үйінде студенттік этика мен жауапкершілікке арналған «Ар-намыс жолы» атты жоба өтті.

Кездесуге Экономика және бизнес жоғары мектебі факультетінің деканы Ермекова Жанна Жандарбекқызы, әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары, аға оқытушы Кулиев Илияс Унгарович, сондай-ақ Бостандық аудандық полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөліміне қарасты ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері — полиция аға лейтенанты Мырзаханов Арсылан және полиция капитаны Жотабай Бауыржан қатысты.

Іс-шара барысында студенттерге құқықтық мәдениет, жеке жауапкершілік, қоғамдағы тәртіп пен өзара сыйластық мәселелері бойынша мазмұнды ақпарат берілді. Құқық қорғау органдарының өкілдері жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және қауіпсіз орта қалыптастырудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Сондай-ақ кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты өмірлік жағдайларға байланысты пайдалы кеңестер алды. Мұндай тәрбиелік мәні зор жобалар жастардың саналы азамат болып қалыптасуына, ар-намыс пен адамгершілік құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.