Судьялар студенттерге көшбасшылық дәріс өткізді
8 қаңтарда сағат 12:00-де 305-аудиторияда Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және білім беру процесінің практикалық бағытын нығайту мақсатында көшбасшылық дәрісін өткізді.
Спикерлер ретінде Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары Ш.Есбергенова мен Г.Қасымова, сондай-ақ сот төрағасының хатшысы Ж.Өтеген сөз сөйледі.
Кездесу барысында студенттер әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау тәжірибесімен тікелей танысып, сұрақтар қойып, құқық қорғау қызметінің өзекті аспектілерін талқылауға мүмкіндік алды. Мұндай іс-шаралар болашақ заңгерлердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және сот тәжірибесіне қызығушылықты арттыруға ықпал етеді.
8