- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Студенттер «Жусан иісі» қойылымы арқылы ұлттық мәдени мұраны танып, тұрақты даму мақсаттарын меңгерді
«Студенттер «Жусан иісі» қойылымы арқылы ұлттық мәдени мұраны танып, тұрақты даму мақсаттарын меңгерді
2026 жылғы 5 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының 6В03102 – «Мәдениеттану» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барып, «Жусан иісі» қойылымын тамашалады.
Аталған мәдени іс-шара студенттердің кәсіби дүниетанымын кеңейту, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды терең түсіну, театр өнері арқылы тарихи жады мен көркемдік танымды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Қойылымда соғыс жылдарындағы қазақ халқының тағдыры, балалық шақтың ауыр сынақтары, туған жерге деген сағыныш пен адамгершілік құндылықтар көркем бейнеде көрсетілді.
Студенттердің мәдени-танымдық дамуы және ұлттық өнерге қызығушылығы БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) бірнеше бағыттарына сәйкес келеді:
-
ТДМ 4 – Сапалы білім: мәдениет пен өнер арқылы білім беру және сын тұрғысынан ойлауды дамыту;
-
ТДМ 11 – Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар: мәдени мұраны сақтау және қоғамда мәдени құндылықтарды дәріптеу;
-
ТДМ 16 – Тұрақты бейбітшілік, әділеттілік және мықты институттар: мәдени және тарихи сана арқылы әлеуметтік үйлесімділікті қалыптастыру.
Спектакль студенттерге ерекше әсер қалдырып, олардың көркемдік-эстетикалық талғамын арттырумен қатар, мәдени мұраны өнер арқылы танудың маңызын терең сезінуге мүмкіндік берді. Қойылымнан кейін студенттер өз ой-пікірлерімен бөлісіп, шығармадағы тақырыптар мен идеялар төңірегінде пікір алмасты.
Іс-шараның ұйымдастырушысы — Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Құдайбергенов Серғазы Ережепұлы.
Мұндай мәдени-танымдық шаралар болашақ мәдениеттанушы мамандардың кәсіби дайындығын нығайтып, ұлттық өнер мен театр мәдениетіне деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар