ҚазҰУ жастарына «Алтыбақан» кеші ұйымдастырылдыFarabi University

ҚазҰУ жастарына «Алтыбақан» кеші ұйымдастырылды

6 ақпан, 2026

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Алтыбақан» ұлттық ойын-сауық ән кеші ұйымдастырылды.

Басты мақсат – ұмыт бола бастаған ұлттық дәстүрлерді жаңғырту, жастардың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыру, сондай-ақ рухани-мәдени мұра арқылы эстетикалық тәрбие беру. Сонымен қатар студент жастарды ұлттық өнерге баулып, дәстүрлі мәдениетке деген қызығушылығын арттыру көзделді.

Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінде өткен іс-шараға «Алатау» дәстүрлі өнер театрының кәсіби әртістері мен университеттің өнерлі білім алушы жастары қатысты.

Кеш барысында қазақ халқының тұрмыс-салт дәстүрлеріне негізделген әндер орындалып, ұлттық ойын-сауықтың тәрбиелік және рухани маңызы кеңінен насихатталды. Бұған қосымша, шара бағдарламасы аясында қазақтың күйлері орындалып, «Алтыбақан» ойын-сауық кешінің тарихы мен мәні таныстырылды. Сондай-ақ сахналық қойылымдар ұсынылып, жастар мен өнерпаздар арасында еркін шығармашылық байланыс орнады.

Ұлттық рух пен өнер тоғысқан тағылымды кеш қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған игі бастама алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі