Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінде «Алтыбақан» ұлттық кеші өттіFarabi University

Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінде «Алтыбақан» ұлттық кеші өтті

6 ақпан, 2026

Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінде компьютерлік ғылымдар кафедрасының бастамасымен «Алтыбақан» ұлттық ойын-сауық ән кеші ұйымдастырылды

Іс-шараның негізгі мақсаты - ұлттық дәстүрді дәріптеу, жастардың бойында ұлттық құндылықтарға құрмет қалыптастыру және рухани-мәдени мұра арқылы эстетикалық тәрбие беру.

Кештің арнайы қонақтары ретінде «Алатау» дәстүрлі өнер театрының кәсіби әртістері өнер көрсетті. Бағдарлама барысында қазақтың тұрмыс-салт дәстүрлеріне негізделген әндер орындалып, күйлер шырқалды, «Алтыбақан» кешінің тарихы мен мәні таныстырылып, сахналық қойылымдар ұсынылды.

Ұлттық рух пен өнер тоғысқан тағылымды кеш қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Кафедрамыз бұл бағыттағы мәдени-ағартушылық бастамаларды алдағы уақытта да жалғастыруды көздейді.