Тоқтар Ерасыл — колледждің үздік математигіFarabi University
Референдум 15 марта

Тоқтар Ерасыл — колледждің үздік математигі

21 қаңтар, 2026

Колледжішілік олимпиаданың қорытындысы шықты. ПР-105 тобының студенті Тоқтар Ерасыл колледжіміздің ең үздік математигі атанды.

Ерасыл — Алматы қаласындағы ең үздік математикалық мектептердің бірі, №90 мектеп-лицейінің түлегі. Студент математика мен физика пәндеріне қызығушылық танытады. Тарихты оқығанды ұнатады. Оның арманы — MIT (АҚШ) университетіне оқуға түсу.