«Тіл-құрал – қуатты күш»

29 сәуір, 2016

Филология және әлем тілдері факультетінде Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тіл-құрал – қуатты күш» Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтеді. Жыл сайын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы тарапынан ұйымдастырылатын бұл шара «Аханов тағылымы» дәстүрлі конференциясы аясында өткізілді. Биыл аталмыш конференция 19 мәрте жүргізіліп отыр.

«Тіл-құрал – қуатты күш» Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының Халықаралық қауымдастығы қамқорлығымен өткізіліп келеді. Конференцияны ұйымдастыру шараларына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірге КИМЭП, Сүлеймен Демирел университеттері белсене қатысты.  

Конференция жұмысы негізгі бес бағытта жүзеге асырылады:   1. Тілдің қуатты күші және тіл қуаты; 2. Тіл – басты рухани құндылық; 3. Тіл және ұлттық сәйкестік; 4. Тіл және тіл таралымын жоспарлау; 5. Тіл оқыту әдістемесіндегі мәжбүрлеуші және қозғаушы күш.

Конференция жұмыстарына қатысып, баяндама жасауға Қазақстан, Ресей, т.б. елдердің ғылыми-зерттеу орталықтары мен зертханаларының, сондай-ақ еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының тіл мамандары, көрнекті ғалымдар ықылас білдірді.

Аталмыш ғылыми шара 29 сәуір күні сағат 10.00-де (312 дәрісхана) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің деканы Өмірхан Абдиманұлының конференция қатысушыларына арналған құттықтау сөзімен және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының меңгерушісі Мадиева Гүлмира Баянжанқызының алғы сөзімен ашылды.

Пленарлық мәжілісте көрнекті ғалым-филологтардың қазіргі тіл білімінің өзекті мәселелеріне, оның ішінде, тілдік саясатқа, тіл мен мәдениетке, өзгеріс үстіндегі мемлекеттер жағдайында тіл және әдебиет пәндерін оқыту әдістемесіне арналған  баяндамаларын тыңдау жоспарланды. Осы орайда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, филол.ғ.д. Бақытжан Хасанұлы, Сүлеймен Демирел атындағы университеттің профессоры, филол.ғ.д. Ахметжанова Зауреш Канашқызы, Ресей ғылым академиясы қоғамдық ғылымдар бойынша ғылыми ақпараттар Институтының профессоры, филол.ғ.д. Яковлева Эмма Борисовна, КИМЭП университетінің профессоры, филол.ғ.к., PhD Смагулова Жулдыз Сагидоллаевна баяндама жасады.

Конференция жұмыстары аясында МАПРЯЛ Президиумының вице-президенті филол.ғ.д., профессор Сулейменова Элеонора Дүйсенқызы (дәріс тақырыбы: «Тіл қуатты күш қоры ретінде және майда тілдің қуаты» және ҚР ҚҒА ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филол.ғ.д., Шаймерденова Нұрсулу Жамалбекқызы актілік дәрістерін оқыды (дәріс тақырыбы: «Өзгерістегі парадигмалар жағдайындағы Қазақстандық русистика»).

Конференция соңында оның жұмысы қорытындыланып, ұсыныстар қабылданды.

Конференция 29 сәуір 2016 ж. өтеді.